Республикалық маңызы бар тасжолда жасанды интеллект камералары жүк көлігі мен ірі қара малдың соқтығысуын тіркеді. Түнгі уақытта белгіленбеген жерден жолға шыққан малды қағып кеткен жүк көлігіне қатысты оқиғаны ЖИ жүйесі дереу анықтап, операторларға хабар берді, ал оқиға орнына шұғыл түрде жол қызметтері жіберілді, деп хабарлайды «24KZ».
Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдыру деректері әлі де өзекті болып отырғанын атап өткен «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен мал иелеріне қатаң ескерту жасады.
Түнгі уақытта жүргізуші жолға шыққан малды соқтығысуға санаулы секунд қалғанда ғана байқауы мүмкін, бұл адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан төрт түлікті қараусыз қалдырмау және оның автомобиль жолына шығуына жол бермеу маңызды, – деп хабарлады мекеме өкілдері.
Мамандар жол бойындағы қоршауларды бүлдіру немесе олардың элементтерін ұрлау деректері де апаттарға жол ашатынын еске салды. Мұндай әрекеттер тек мүлікке келтірілген залал емес, ашық қалған бөлік арқылы тасжолға шыққан мал ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болады. Осыған байланысты жүргізушілерден «Мал айдау» және «Жабайы жануарлар» белгілері бар учаскелерде, әсіресе түнде жылдамдықты азайтып, барынша сақ болу сұралады.
Тегтер #ЖИ #ҚазАвтоЖол #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz