RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанада газ тапаншасынан оқ атқан ер адам 5 жылға сотталды

14.09.2026, 15:39 46

Елорда тұрғыны жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атып, бұзақылық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға түнгі уақытта болған. Ер адам жанжал кезінде газ тапаншасынан әуеге екі рет оқ атқан. Кейін қаруын жанжалға қатысушылардың біріне бағыттап, тағы бір рет атқан. Жәбірленуші дер кезінде қашып үлгеріп, оқтан аман қалған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды. Қоғамдық тәртіпті күш қолдану, күш қолданамын деп қорқыту немесе қару мен өзге де заттарды пайдалану арқылы өрескел бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz