RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

АҚШ-тың Флорида штатында заңды мәртебесі болмаған Қазақстан азаматы ұсталды

15.09.2026, 13:05 50

Қазақстан азаматы АҚШ-тың Флорида штатында көші-қон қызметінің қызметкерлері тарапынан ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.

Оқиға туралы алғаш рет Instagram желісіндегі salty_sssalt атты қолданушы жазған. Оның айтуынша, қазақстандық әйел 12 қыркүйекте ұсталған.

Достар, бүгін, 12 қыркүйекте үш баланың анасы, біздің құрбымызды ICE қызметі ұстады! – деп жазды автор.

15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан азаматы АҚШ-тың Флорида штатында елдің көші-қон заңнамасында көзделген заңды мәртебесі болмағандықтан ұсталды. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматтың отбасымен байланыста. Оған қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген СІМ хабарламасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz