RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 120 келіден астам есірткі тәркіленді

16.09.2026, 13:59 44

Жамбыл облысында 120 келіге жуық дайын өнім мен есірткі дайындауға арналған шикізат тәркіленді. Бұл Ішкі істер министрлігінің  «Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асқан, деп хабарлайды «24KZ».

Тәртіп сақшылары өңірде есірткі тасымалдаудың бірнеше арнасының жолын кесті. Мәселен, Меркі ауданы Қарасу ауылының маңындағы жер асты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезінде бұрын есірткі сатқаны үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

Ал Шу ауданында зауыттардың бірінің маңынан бес қап кептірілген марихуананы қазып алмақ болған үш күдікті қолға түсті. Олардан 72 келі есірткі тәркіленді. Анықталғандай, ұсталғандардың екеуі бұрын да есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, Түрксіб станциясында Шу — Тәтті теміржол аралығындағы тексеріс кезінде тағы екі жергілікті тұрғын ұсталып, олардан 25 келі қарасора өсімдігі алынды.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz