Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінің тұрағында түні бойы көлік айдап, дрифт жасаған BMW жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды «24KZ».
Оқыс оқиға 15 қыркүйек, түнгі сағат 03:00 шамасында болған.
Қалалық Департаменттің мәліметінше, дрифт жасап жүрген BMW жүргізушісі басқаруды жоғалтып, көшені жарықтандыратын тірекке келіп соғылған. Зардап шеккендер жоқ.
Тәртіп бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Тегтер #Астана #дрифт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz