Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желідегі парақшасында жол апатынан зардап шеккен ер адамды ауруханадан шығару сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды 24KZ.
Науқас жол апатынан кейін 31 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Енді ол аяғының сынуына байланысты оңалтудан өтуі тиіс.
Жол-көлік оқиғасы тамыз айының ортасында Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Бақытжан Базарбек жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды көлігімен қағып кеткен.
Зардап шеккен азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін ол Тараздағы медициналық мекемеге ауыстырылды. Аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Экс мәжілісмен зардап шеккен азамат толық айыққаннан кейін оған Астана мен Алматыда нейрохирургиялық және басқа да қажетті медициналық көмек алуға жеке өзі жәрдемдесуге уәде берген.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Бақытжан Базарбек #жол апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz