RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Зайсанда әйел адамды өлтірді деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды

17.09.2026, 11:40 62

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ». Қылмыстық істі полиция тергеп жатыр.

ШҚО Полиция департаменті желіде тараған қауесеттерді ресми түрде жоққа шығарды. Тексеру барысында бұл оқиғаның «Көк кит» ойынымен ешқандай байланысы анықталмаған. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің мұғалім болмағаны расталды.

Зайсан ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – делінген хабарламада.

Полиция тергеудің жан-жақты әрі объективті өтуі үшін қажетті барлық тергеу-процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz