RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

Ұлдана Мырзуанның ісіне 9 жыл бұрынғы техникалық қорытынды қосылуы мүмкін

17.09.2026, 17:28 60

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта жаңа материалды іске тіркеу ұсынылды, деп хабарлайды 24KZ.

Тергеуші Аяжан Нүсіпбекова соттан 2017 жылы жасалған техникалық қорытындының фотокестесін қылмыстық іс материалдарына қосуды сұрады.

Тергеушінің айтуынша, құжаттар 2025 жылғы 18 қарашада тұрғын үйдің жертөлесіндегі тінту кезінде тәркіленген. Олардың қай жерде сақталғанын мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрайымы Сауле Жұбаниязова көрсеткен.

Келесі күні полиция департаментінде құжаттарға тексеру жүргізіліп, фототіркеу жасалған. Сол кезде қара-қызғылт сары түсті пакеттен «Астана Құрылыс Сервис» компаниясы әзірлеген 2017 жылғы техникалық қорытынды табылған.

Тергеуші құжаттың алғашқы парағы мен негізгі беттерін суретке түсіргенімен, фототаблицаны сол кезде іске қоспағанын айтты. Материалды кейін тауып, сотқа оны іс материалдарына тіркеу туралы өтініш білдірген.

Сондай-ақ тінтуге қатысқандар құжаттарды тәркілеу мен буып-түюге қатысты ешқандай ескерту жасамағанын, құжаттың ауыстырылғаны, жоғалғаны немесе кейін қосылғаны туралы мәлімдеме болмағанын айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz