Астана қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Бұл оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрғын үйдің ауласында мас күйде жүрген бір топ жас жігіт агрессивті әрекет көрсеткен. Құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу мақсатында үй тұрғындарының бірі газ тапаншасымен ауаға ескерту жасай оқ атқан. Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары дереу жетіп келді.
Барлық қатысушылар оқиға орнында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады, - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сонымен қатар, Полиция департаменті тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Тегтер #Астана #24жаңалықтар #24KZКөрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпарат жалған. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады, - делінген хабарламада.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz