RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

Шығыс Қазақстанда суға кеткен екі балықшының денесі табылды

18.09.2026, 12:08 46

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде қайық аударылып, суға кеткен екі балықшыны іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға 15 қыркүйекте Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округінде болған. Үш ер адам қайықпен балық аулап жүргенде қатты жел соғып, қайық аударылған. 1968 жылы туған балықшы өздігінен жағаға шығып, жергілікті тұрғындардан көмек алған.

Ал 1968 және 1995 жылы туған екі ер адам суға батып кеткен. Екеуінде де құтқару кеудешесі болмаған.

Бүгін іздеу барысында 1968 жылы туған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тапты. Екінші марқұмның денесін ТЖМ сүңгуірлері жағадан 8,9 шақырым жерден анықтады.

Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер, құтқару катерлері мен қайықтар, дрондар және суасты аппараты жұмылдырылды. Құтқарушылар су астына 8 рет түскен.

Жұмысқа көлдің тереңдігі, түбінің күрделі бедері және су астындағы көрінудің төмендігі кедергі келтірген. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz