RU
Толық нұсқаға өту
POLISIA.KZ

Меркіде қожайынынан 250 бас ұсақ мал ұрлаған қойшы ұсталды

18.09.2026, 12:38 57

Жамбыл облысында шаруа қожалығының қойшысы өз қожайынынан 250 бас ұсақ мал ұрлап, 30 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды «24KZ».

Меркі ауданының тұрғыны малға түгендеу жүргізу кезінде ірі көлемдегі шығынды байқап, полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған малдың бір бөлігі Т.Рысқұлов ауданынан табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында бұл қылмысқа шаруа қожалығында мал баққан қойшының қатысы бар екені анықталды. Ол өзге де тұлғалармен алдын ала сөз байласып, малды жасырын түрде жымқырған. Сонымен қатар, ұрланған малдың бір бөлігі басқа адамдарға 800 мың теңгеге сатылып кеткені белгілі болды.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша үш күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz