RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Павлодар маңындағы ірі жол апаты: бір адам қаза тапты

18.09.2026, 15:06 45

Павлодар маңында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Жол апаты Павлодар – Кенжекөл тас жолында орын алды. Оқиға орнында «УАЗ Патриот», Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктері соқтығысқан.

Қайғылы салдардың кесірінен бір адам қаза тауып, тағы 7 адам түрлі жарақат алды. Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 1977 жылы туған ер адамның қайтыс болғаны расталды. Сонымен қатар 2003, 2004 және 2006 жылдары туған жеті жас жігіт әртүрлі жарақаттармен Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 17 қыркүйек күні сағат 22:05-те түскен. Оқиға орнына алты минут ішінде жедел жәрдемнің төрт бригадасы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің Медициналық апаттар орталығының бригадасы жетті.

 Зардап шеккендердің үшеуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі науқас травматология бөлімшелеріне жатқызылды, ал бір қатысушы амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

Павлодар – Кенжекөл автожолында «УАЗ Патриот», Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz