Атырау облысының Құлсары қаласында автобус пен арнайы техника соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан үш жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Апат 20 қыркүйек күні сағат 18:50 шамасында Махамбет даңғылында болған. Жолда Yutong автобусы мен арнайы техника соқтығысқан.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, автобуста болған үш жолаушы медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілген.
Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға бойынша қажетті материалдар жинақталуда.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Құлсары #жол апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz