Көкшетау қаласындағы Шанхай көпірі маңында қоғамдық автобуспен пен жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды «24KZ».
№11 бағыттағы «Yutong» маркалы маршруттық автобус пен «ЗИЛ» жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жолаушысы мен екі көліктің жүргізушісі жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаменінің мәліметі бойынша, дәрігерлер қажетті тексерулер мен медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккендерді үйіне жіберді.
Тегтер #Көкшетау #жол апаты #24жаңалықтар #24KZҚазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік сипатта тиісті шаралар қабылданады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz