RU
Толық нұсқаға өту

Тарбағатай ұлттық паркіндегі орман өртін сөндіруге авиация тартылды

22.09.2026, 17:18 57

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында құрғақ шөп пен тал-терек өртеніп жатыр. 

Өртті сөндіруге  450-ге жуық маман мен 100-ден астам техника шықты. Алайда от таулы жерде тұтанғандықтан биікке жету қиын, дейді жауаптылар. Сондықтан сөндіру жұмыстарына авиацияның күші тартылды. «Қазавиақұтқару» және  шекара қызметінің екі тікұшағы 22 рет көкке көтеріліп, 59 тонна су төкті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz