RU
Толық нұсқаға өту
@qr_iim_uu

ШҚО-да колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар ұсталды

23.09.2026, 09:23 52

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тиым салынған заттарды лақтырмақ болған заңсыз әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды «24KZ».

 

ҚАЖ мекемесіне іргелес аумақты патрульдеу барысында ефрейтор Еламан Сапашев Рэмма есімді қызметтік итімен бірге қоршау маңында күдікті әрекет жасаған ер адамды байқаған. Тексеру кезінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтан екі ұялы телефон, ішінде ақ түсті капсулалары бар ыдыс және белгісіз сұйықтығы бар құты табылды.

 Барлық айғақ заттар алынып, әрі қарай тексеру және тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды. Құқық қорғау өкілдері мұндай қызметте кинология есептоптарының рөлі ерекше екенін атап өтеді. Олардың көмегімен бақылау күшейтіліп, күзетілетін нысандардың қауіпсіздігі сенімді түрде қамтамасыз етіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz