RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

«Ешқандай үкім Ұлдананы бізге қайтара алмайды»: марқұмның күйеуі сотта сөз сөйледі

24.09.2026, 12:45 60

Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесінде тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Сотта марқұмның экс-күйеуі Әділет Зейнел сөз сөйледі, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған дейін де айтқанымыздай, біз ешкімді айыптап отырған жоқпыз. Болған жағдайға бір ғана адамның кінәлі екенін де айтпаймыз. Біздің айтатынымыз – шындық анықталуы керек. Ұлдананың өліміне Жұбаниязованың тікелей қатысы бар немесе ол кінәлі деп отырған жоқпыз, – деді Әділет Зейнел.

Оның айтуынша, құрылысты бақылаған, үйді қабылдап алған және салған адамдар өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. Әр әрекеттің артында адам өміріне әсер ететін ауыр зардап болуы мүмкін екенін түсінуі қажет. Ол сот үкімі өздері жоғалтқан адамды қайтара алмайтынын да айтты.

Біреуді айыптап, қандай да бір үкім шығару бізден жоғалтқан адамымызды қайтармайды. Бізді 8 қарашаға қайта апармайды және болған жағдайды түзете алмайды. Барлығын соттың қарауына қалдырамыз. Құрылыс салушылар мен мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) өз жұмысын сапалы атқарып, үйлердің жағдайын тиісті деңгейде бақылауы үшін дұрыс шешім қабылданады деп сенеміз, – деді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz