RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда екі әскериді іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. LIVE

25.09.2026, 07:20 146

Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде суға кеткен 2 әскери қызметшіні іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

Кеше Ақтауға жақын орналасқан демалыс орны жағажайында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 адам суға кеткен еді. Оның 12-сі қаза тауып, үш адам құтқарылды.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Қайғылы оқиға Ақтаудан 43 шақырым қашықтағы демалыс орны жағажайында болды. Ол аумақ полиция қызметкерлерімен қоршалған әрі ұялы байланыс жоқ. Сондықтан бізге іздестіру операциясы жүріп жатқан жағалауда түсірілім жасап, тұрақты сигнал бар жерге ауысуға тура келді. Оқиға орнында іздестіру шаралары жалғасуда. Негізгі міндет – орналасқан жері әзірге анықталмаған 2 әскери қызметшіні табу. Кеше түнде Ақтауда Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Жиында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше назар аударылып, мемлекет тарапынан әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетіні айтылды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қанат Бозымбаев қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын қысқа мерзімде анықтап, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Айта кетсек, құтқарылған 3 әскери қызметшінің бірі қазір орталық ауруханада. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қорғаныс министрлігі жауынгерлік оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады. Ақтауда алдағы үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтін болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz