RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Маңғыстауда ер адам Ыбықты сай шатқалына құлап кетті

28.09.2026, 09:23 61

Маңғыстау облысында ер адам Ыбықты сай шатқалының терең жарығына құлап кетіп өздігінен шыға алмай қалған. Мамандар тар жартас арасында арнайы құралдардың көмегімен күрделі операция жүргізіп, адамды аман алып шықты, деп хабарлайды «24KZ». 

Ақтау қаласынан шамамен 65 шақырым қашықтықта орналасқан күрделі әрі тар шатқалдан зардап шеккен азаматты өздігінен шығару мүмкін болмағандықтан, оқиға орнына дереу құтқарушылар тартылды. 

Құтқарушылардың айтуынша, таулы рельефтің ерекшеліктеріне және өткелдердің өте тар болуына байланысты жұмыс аса қиын жағдайда өтті.

Зардап шеккен азамат арнайы белдіктермен бекітіліп, қауіпсіз жерге шығарылғаннан кейін дереу дәрігерлерге табысталды және қажетті көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның алған жарақаттарының сипаты әзірге нақтылануда.

Осы оқиғаға байланысты ТЖМ өкілдері өңір тұрғындары мен туристерді таулы және қол жеткізу қиын аймақтарға барған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, маршрут күрделілігін дұрыс бағалауға және қауіпті учаскелерге жақындамауға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz