Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы қаладан 8 шақырым қашықтықта, оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Жер сілкінісі 28 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 09:38:07-де тіркелді, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 3-4 балды құрады.
Жер сілкінісі өзге елді мекендерде де сезілген. Атап айтқанда:
· Қарасай (Қаскелен) – 2-3 балл, қашықтығы 18 шақырым;
· Боралдай – 2-3 балл, қашықтығы 19 шақырым;
· Өтеген Батыр – 2 балл, қашықтығы 28 шақырым.
Бұған дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті сезілетін жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған еді.
Қазір сейсмология мамандары жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген.
Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер! Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер. Жағдай бақылауда, – делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.
Оқиғаға қатысты ақпарат толықтырылып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Алматы #жер сілкінісіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz