Көкшетауда жігітімен сөзге келіп қалған бойжеткен зымырап бара жатқан көліктің есігін ашып секірген. Оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болып, салдарынан қыз түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды «24KZ».
Полиция мәліметінше, Volkswagen маркалы көліктің жүргізушісі мен қыздың арасында жолда келе жатқанда сөз таласы туындаған. Жанжал кезінде бойжеткен қозғалыста келе жатқан көліктен секіріп кетіп, өз өміріне қауіп төндірген. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қыздың өзі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz