RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналары мен гидроқұрылыстар тексерілді

28.09.2026, 11:11 48

Алматыда болған жер сілкінісінен кейін өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелер тексерілді. Зақымдану анықталған жоқ, деп хабарлайды «24KZ».

Тексеру жұмыстарын Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жүргізді.

Сонымен қатар мамандар тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарын аралап, олардың жағдайын тексерді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz