Қазақстан аумағында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу Астана уақытымен 13:53-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды «24KZ» Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін тіркеген.
Дүмпудің есептік қарқындылығы Нарынқол ауылында 2-3 балл, Кеген ауылында 2 балл болған.
Жер сілкінісінен кейін ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді.
Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жағдайы қаралды.
Тексеру нәтижесінде зақымдану анықталған жоқ. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
ТЖМ мәліметінше, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #жер сілікінісі #Алматы облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz