Маңғыстау облысында құтқарушылар ашық теңізге ағып кеткен үш адамды аман алып шықты, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға өткен түні Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауында болған. Қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық жағадан алыстап, ашық теңізге ағып кеткен.
Дабыл түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеу жұмыстарына дереу кірісті.
Нәтижесінде мамандар үшеуін де тауып, жағалауға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған. ТЖМ жел күшейген кезде теңізге шықпауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Маңғыстау #ТЖМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz