Абай облысында мал ұрлығымен жүйелі түрде айналысқан 11 адамнан тұратын қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды «24KZ».
Бесқарағай ауданында шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ мал ұрлаған топтың әрекеті әшкереленді. Тергеу барысында күдіктілердің 36 бас малды қолды етіп, тағы 14 бас малды ұрлауға әрекет жасағаны анықталды.
Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмысты дәлелдегеннен кейін, сот үкімімен барлық 11 айыпталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, кез келген құқыққа қайшы әрекет үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Тегтер #мал ұрлығы #Абай облысы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz