RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Қызылордада TikTok-та балағат сөздер айтқан екі тұрғын жауапқа тартылды

29.09.2026, 17:17 23

Қызылордада TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қаладағы дәмханалардың бірінен жүргізілген тікелей эфирді анықтаған. 

Эфир кезінде екі тұрғынның балағат сөздер айтқаны белгілі болды.Құқық бұзушылардың жеке басы анықталды. Олар – Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғындары.

Әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотта қаралды. 

Сот шешімімен әрқайсысына айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлерде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін де жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Ведомство мониторингті жалғастырады.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz