RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

106 миллион теңгеден астам алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

30.09.2026, 09:38 29

Қазақстанға Ресейден 106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды «24KZ».

Бас прокуратураның мәліметінше, 2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлік сатып алып, жеткізіп беру сылтауымен үш жәбірленушіні алдап, ақшасын иемденген. Қылмыстан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған ол наурыз айында Ресей аумағында ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz