RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Атырауда жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты

30.09.2026, 09:38 30

Атырау облысының Индер ауданында жол-пайдалану қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Жол-көлік оқиғасы 27 қыркүйекке қараған түні Аққала ауылы маңындағы тасжолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол қызметіне тиесілі көлік жылқымен соқтығысқан.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Полиция аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Апаттың нақты мән-жайы анықталуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz