Өскеменде металл қабылдау пунктінен 217 келі мыс ұрланып, кәсіп иесіне 1 млн теңгеден астам шығын келген, деп хабарлайды 24KZ Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл деректі Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Полицияға нысан иесі бірнеше қап мыстың жоғалғанын хабарлаған. Белгілі болғандай, ұры түнде пункт аумағына артқы жағынан кіріп, қоймадағы 8 қап мысты алып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұрланған мысты көлікпен аумақтан шығарып, кейін сатпақ болған. Келтірілген шығын көлемі 1 млн 85 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті нысан иелерін мүлікті қараусыз қалдырмай, әсіресе түнгі уақытта аумақ пен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.
Тегтер #24жаңалықтар #мыс #металл #ұрлық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz