Соңғы үш тәулікте Қазақстан бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 11 мың дерегі анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 1 300 жүргізуші көлікті оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен басқарған. 600-ге жуық көлік нөмірсіз жүрген, тағы 150 жағдайда жалған немесе қолдан жасалған нөмірлік белгілер пайдаланылған.
Құқық бұзушылықтар бойынша 1 100 көлік арнайы тұраққа қойылып, 800-ден астам мемлекеттік нөмірлік белгі тәркіленді.
Мәселен, Қостанай облысында жалған нөмірмен жүрген екі жолаушылар автобусы анықталды. Астанада жалған нөмір таққан көлік тоқтатылып, тексеру кезінде оның іздеуде жүргені белгілі болған.
Ал Павлодар облысында нөмірсіз көлік басқарған жүргізуші жылдамдықты асырып, полиция қызметкерінің тоқтау туралы талабын орындамаған. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #ІІМ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz