RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Жол үстінде торт әзірлеген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

30.09.2026, 17:14 44

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында қозғалыстағы көліктің люгінен шығып, жол үстінде торт әзірлеген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция қауіпті әрекетке барған ерлі-зайыптыны анықтап, әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция мәліметінше, видеодағы KIA Ceed көлігін 36 жастағы ер адам басқарған. Оның 35 жастағы жұбайы көлік қозғалысы кезінде люктен шығып, торт әзірлеген.

Тексеру нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Ведомство мұндай қауіпті әрекеттердің адам өміріне қауіп төндіріп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz