Астанада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі азаматтан 124,8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Олар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, қылмыстық істер бойынша сот үкімдері шыққаннан кейін заңсыз жолмен алынған кірісті өндіріп алу жұмыстары жүргізілген.
Екі қылмыстық іс бойынша прокурордың азаматтық талаптары сотта толық қанағаттандырылды. Нәтижесінде заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
Прокуратура арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындары мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық екенін ескертеді.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін мүлік тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кінәлілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #прокуратураPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz