Шығыс Қазақстан облысында «Востокцветмет» ЖШС-не экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады «24KZ».
Тексеру Глубокое ауданындағы «Юбилейно-Снегирихинское» кен орнында жүргізілген. Прокуратура кәсіпорынның кен орнын пайдаланғаннан кейінгі міндеттерін ұзақ уақыт орындамағанын анықтаған.
Осыдан кейін Экология департаменті компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың белгіленген мөлшерден асқаны анықталды.
Компанияға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар кәсіпорынға кен орнын пайдаланудың салдарын жою және табиғатты қорғау шараларын орындау жөнінде талап қойылды.
Облыс прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ШҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz