RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Жамбыл облысында 23 бас мал ұрлаған топ ұсталды

07.10.2026, 16:12 61

Жамбыл облысында үш адам 23 бас мал ұрлап, 11,5 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды 24KZ Жамбыл облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Сарысу ауданында прокуратура мен полицияның бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығына қатысы бар үш адамнан тұратын топ анықталды.

Тергеу мәліметінше, олар 2025 жылғы 10 қазаннан 2026 жылғы 7 наурызға дейін түнгі уақытта жайылымдардан 23 бас малды айдап әкеткен.

Келтірілген шығын жәбірленушілерге толық өтелді.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша тіркеліп, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сонымен қатар үш бас мал ұрлаған тағы бір адамға қатысты сот айыптау үкімін шығарды. Оған нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Биыл Сарысу ауданында мал ұрлығына қатысты 9 қылмыс тіркеліп, оның 7-еуі ашылған. Бұл – 77,7%.

Прокуратура бөтеннің малын ұрлағаны үшін мүлікті тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екенін ескертті

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz