Шымкенттегі банкет залдарының бірінде жұмыс істеп жүрген 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды 24KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласының полиция департаменті мәлімдегендей, тексеру нәтижесінде жасөспірімнің өлімі өзінде болған ауруына байланысты болғаны анықталды. Сонымен қатар оның банкет залында жұмыс істегені белгілі болды.
Тексеру барысында жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болғаны анықталды. Бұдан бөлек, еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша банкет залының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады полиция.
Қаза тапқан жасөспірімнің ата-анасы қалалық еңбек инспекциясына шағым түсірмеген.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасуға тыйым салынған. Ал 14 жастан бастап жасөспірімдер ата-анасының келісімімен оқуына кедергі келтірмейтін жеңіл жұмыс атқара алады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #банкет залы #жасөспірім #өлімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz