Алматы облысында көлік тротуармен кетіп бара жатқан балаларды қағып кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан көліктің тротуарға шығып, балаларды қағып кеткенін көруге болады.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы оқиғаға байланысты медициналық көмекке жүгінгендер туралы ақпарат түспеген.
Әлеуметтік желіде жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #көлік қағып кетті #жасөсіпірмдерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz