RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Испанияға футбол турниріне апарамын деп, ата-аналарды алдаған ер адам сотталды

08.10.2026, 16:26 57

Астанада балаларды Испаниядағы халықаралық футбол турниріне апаруға уәде беріп, ата-аналардан ақша алған ер адам сотталды, деп хабарлайды 24KZ.

Сот мәліметінше, ер адам жас футболшылардың сапарын «бәрі қамтылған» тарифімен ұйымдастыратынын айтқан. Ол ата-аналардан турнирге қатысу ақысына, әуе билеттеріне, виза рәсімдеуге, балаларды алып жүруге және спорттық киім алуға ақша жинаған.

Алайда уәдесін орындамай, жиналған қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Салдарынан 9 адамға 24 млн теңгеден астам шығын келген.

Сот үкімімен сотталған азамат 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеті де оған жүктелді.

Астана қаласының прокуратурасы балаларды шетелдегі спорт жарыстарына апаруды ұйымдастырушылардың құжаттарын мұқият тексеруге шақырды. Атап айтқанда, олардың өкілеттігін, турнирге ресми шақыртуын, келісімшарттарын, әуе билеттері мен бронь растамаларын тексеру қажет.

Прокуратура ата-аналарға ірі көлемдегі ақшаны тек ауызша уәдеге сеніп бермеуге кеңес берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz