RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

09.10.2026, 14:07 45

Теміртауда өз ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.  

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz