Алматы облысында 90 итті бағып-күткен Владимир Тепляков өлтірілді. Ол Dog House – «Твардовский дом» жануарлар панасын құрған. Кісі өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды 24KZ.
Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс 7 қазанда қозғалған. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстау үшін тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда. Істің тергелу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген полиция хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #зооқорғаушы #ит асыраушыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz