RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Әскери комиссариат атын жамылып, ер адамды алып кетпек болғандар анықталды

09.10.2026, 17:36 48

Астанада өзін әскери комиссариат қызметкері ретінде таныстырған белгісіз үш ер адам жергілікті тұрғынды күштеп алып кетпек болған, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға қала тұрғынының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланғаннан кейін белгілі болды. Жәбірленушінің айтуынша, кешкі уақытта әйелімен бірге жұмыстан қайтып келе жатқанда, екі ер адам артынан аңдып жүрген. Үйдің қасына келгенде олар аты-жөнімен атап шақырып, өздерін әскери комиссариат қызметкерлеріміз деп таныстырған және бірге жүруді талап еткен.

Азамат өзінің әскери қызметке жарамсыз екенін және тиісті анықтамасы бар екенін түсіндіргенімен, бейтаныс тұлғалар оған құлақ аспаған. Көп ұзамай оларға үшінші адам қосылып, ерлі-зайыптыны қоршап алған. Сол сәтте жанындағы жүкті әйелі телефонын шығарып, болған жағдайды видеоға түсіре бастаған. 

Қазақстандық бұл ер адамдар расында әскери комиссариат қызметкерлері болғанына күмән келтірді. Оның айтуынша, оларда өкілеттіктерін растайтын ешқандай құжат болмаған. Жазба авторын, әсіресе, бейтаныс адамдардың оның аты-жөнін білетіні алаңдатқан. Сонымен қатар жұмыс орны мен үйге қайтар жолын қайдан білетіні сұрақ туындатқан.

Олар камераны көрген бойда беттерін жасыра бастады. Ал мен «полиция шақыр!» деп айғайлаған кезде, олар жан-жаққа қашып кетті», – дейді қала тұрғыны.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысқан үш ер адамның жеке басын толық анықтады.

Ер адамдардың жеке басы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады, - деді полиция өкілдері.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz