Ақтөбе қаласында әйел адамды пышақтап өлтірді деген күдікпен өңірлік полиция департаменті 28 жастағы Атырау тұрғынын қамауға алды. Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Олардың арасында туындаған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласқан.
Жанжал барысында күдікті әйелге пышақ жарақаттарын салған, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Қылмыстың себептері мен мотивтері анықталуда, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей өз бақылауына алды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам мен әйелдің жанжалы түсірілген видео пайда болды. Кадрдан күдіктінің жүгіріп келіп, пышақ ұрғанын көруге болады.
Тегтер #24жаңалықтар #Ақтөбе #кісі өлімі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz