Қостанай облысының Тобыл қаласында жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысты. Апат салдарынан бір адам көз жұмып тағы бір азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға жүргізушінің жол ережесін өрескел бұзуынан болған. Камаз жүргізушісі солға бұрылар кезде қауіпсіздік шараларына көз жеткізбей, басты жолға шығып кеткен. Салдарынан екі мотоцикл камазға келіп соқтығысқан.
Тегтер #Қостанай облысы #Тобыл қаласы #жол көлік апаты #24жаңалықтар #24KZАпат салдарынан мотоцикл жүргізушілерінің бірі жедел жәрдем келіп үлгермей, оқиға орнында көз жұмды. Ал екіншісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша жүк көлігі жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz