RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған такси жүргізушісі қамауға алынды

14.10.2026, 09:30 39

Астанада такси жүргізушісі жолаушы қызға интимдік сұрақтар қойып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Астаналық қыз Threads әлеуметтік желісінде такси жүргізушісінің әрекеті өзіне қатты қорқыныш тудырғанын жазған. Оның айтуынша, сапар кезінде жүргізуші жеке өміріне қатысты әдепсіз сұрақтар қойып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Сондай-ақ қыздың сөзінше, жүргізуші белгіленген бағыттан ауытқып, басқа жолмен жүрген.

Жолаушы көлікті тоқтату үшін сылтау айтып, құрбысына қоңырау шала бастаған. Осыдан кейін жүргізуші сабасына түсіп, жол ақысын төлеуді сұраған.

Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін полиция қызметкерлері 42 жастағы жүргізушіні анықтады.

13 қазанда Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі қарады.

К.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, полиция инспекторының баянатымен және жәбірленушінің түсініктемесімен расталды, – деп хабарлады сот.

Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz