2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында Қазақстан шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталды. Жыл басынан бері осындай 358 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, анықталған шетел азаматтарының басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың жеке деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.
Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде жалған және бөгде құжаттарды пайдаланатын адамдардың ел аумағына кіруіне жол бермеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.
Ведомство Мемлекеттік шекараны жалған немесе басқа адамдардың құжаттарын пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ҰҚҚ #шекараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz