Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ.
Жол апаты 15 қазанда сағат 08:00 шамасында Астана – Петропавл тасжолында, Кременчуг ауылының маңында болған. Полиция мәліметінше, жол апатына үш жеңіл көлік пен екі КамАЗ қатысқан.
Жол апаты салдарынан Audi көлігінің үш жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қалған көліктердің жүргізушілері зардап шеккен жоқ, – делінген полиция хабарламасында.
Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жол апатының себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жол апаты #СҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz