RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Алматыда мас күйде көлік жүргізген Қытай азаматы полициядан қашқан

16.10.2026, 09:20 46

Алматыда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Қытай азаматының көлігі қуғыннан кейін тоқтатылды. Жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға Райымбек даңғылында болған. Алмалы аудандық полиция басқармасының «Буран-230» патрульдік экипажы батыс бағытта келе жатқан, Қытайдың мемлекеттік нөмірі тағылған көлікті байқаған. Жүргізуші полицейлердің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Тәртіп сақшылары көлікті қуа жөнеліп, ақыры жолын бөгеп тоқтатты.

Көлік тізгінінде Қытай азаматы болған. Оның әрекеті полицейлердің күдігін тудырғандықтан, жүргізуші медициналық куәландырудан өтті. Тексеру нәтижесінде оның орташа дәрежеде мас күйде болғаны анықталды.

Жүргізуші көлік басқарудан шеттетілді. Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz