Маңғыстау облысында екі жасар сәбиді қарақұрт шағып, ол өлім аузынан қалды. Дегенмен уақтылы көрсетілген көмек пен баланың жағдайы дер кезінде хабарланғанының арқасында ата-анасы мен дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алды, деп хабарлайды «24KZ».
Анықталғандай, ойын кезінде басқа кішкентай бала сәбиге өрмекшіні берген, ал қыз оны жұтып қоюы мүмкін болған. Оқиға кезінде жақын маңда жүрген алты жасар бала үлкендерге бұл өрмекші екенін дереу хабарлаған.
Көп ұзамай сәбидің жағдайы күрт нашарлап, оған шұғыл медициналық көмек қажет болды. Аудандық ауруханадан санавиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілген кезде бала жасанды тынығу аппаратына қосылып, бірінші дәрежелі комада жатты.
Дәрігерлер науқасқа екі мәрте қарақұртқа қарсы сарысу егіп, он тәулік бойы жансақтау бөлімінде күтті. Осыдан кейін бала есін жиып, өз бетінше тыныс ала бастады, ал тағы төрт күн өткен соң үйіне шығарылды.
Биыл Маңғыстау өңірінде бұл өрмекшілер үлкен мәселеге айналып отыр. Маусым айының алғашқы он күнінің өзінде қарақұрт шаққан бес бала жансақтау бөліміне түскен. Осыған байланысты өңірде уға қарсы сарысу жетіспеушілігі туындап, қосымша дозалар Атырау облысынан жеткізілді.
Тегтер #24жаңалықтар #Маңғыстау облысы #қарақұрт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz