Алматыда 11 жастағы баланы қорлап, ұрып-соқты деген жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жәбірленген баланың анасының айтуынша, 13–14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы ауладағы балаларды қорқытып, күш көрсеткен. Олар оның ұлын ішінен және бүйрегінен ұрып, балағаттаған. Сондай-ақ Сайран көлінен аулап әкелген шикі балықты баланың аузы мен құлағына тыққан.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жасөсіпірмдер #буллингМатериалдар Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында қаралды. Қарау нәтижесінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz