RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Астанада арзан пәтер әперемін деген алаяқ ұсталды

19.10.2026, 12:55 40

Астанада нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағамен пәтер тауып беремін деп құрбандарын құрығына түсірген алаяқ ұсталды. Күдікті тұрғындарды алдау үшін өзін банк маманы ретінде көрсеткен. Астана қаласы ПД Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу барысында күдікті жәбірленушімен таныстығын пайдаланып, өзін банк саласының маманы ретінде таныстырып, сеніміне кіргені анықталды. Ол қалалық банктердің бірі өткізетін аукцион арқылы пәтерді нарықтық бағадан әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға көмектесуге уәде берген.

Уәдесін растау үшін күдікті түрлі сылтаулар айтып, құжаттарды ресімдеуге және аукционға қатысуға ақша қажет екенін алға тартқан. Нәтижесінде жәбірленуші оның шотына жалпы сомасы 5 миллион теңге аударған. Алайда уәде етілген пәтер берілмеген. Белгілі болғандай, күдікті түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас тағы екі дерекке қатысы бар екені анықталды. Полиция азаматтарды жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау кезінде сақ болуға шақырады, -делінген Астана қаласы ПД хабарламасында. 

Пәтерлерді төмендетілген бағамен сатып алу, жеңілдікті бағдарламаларға қатысу немесе аукциондар арқылы баспана рәсімдеу туралы ұсыныстарды міндетті түрде ресми көздер арқылы тексеру қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz