RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Маңғыстау облысында мұнайшыларды наразылыққа шақырмақ болған қылмыстық топ ұсталды

19.10.2026, 15:21 44

Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті ІІМ органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды «24KZ».

Таратылған ақпаратқа сәйкес, бұл топтың қатысушылары кәсіпорын ұжымын жаппай наразылық акцияларына итермелеуге тырысқан. Олардың көздеген негізгі мақсаты - «Өзенмұнайгаз» компаниясынан қосымша қаржыландыруға қол жеткізу болған.

Хабарламада айтылғандай, егер олардың талаптары орындалмаған жағдайда, қылмыстық топ мүшелері мұнайшылардың наразылық әлеуетін 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларын қайталау үшін пайдалануы мүмкін еді деген болжам да бар.

Ақпарат көзінің мәліметінше, күш құрылымдарының жедел әрекеттерінің арқасында жағдайдың ушығуына, оның ішінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алуына жол берілмеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz